Басқа спорт түрлеріСаламатты ҚазақстанФутбол

Бір атаның балалары доп тепті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» арналған кіші футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты жанұялық командалар арасындағы республикалық турнир өтті.

Еліміздің 33 жанұясы таласқа түскен турнирде жартылай финалға шыққан төрт команда да Түркістан облысынан келгендер отбасы-
лар.
Сонымен, турнирдің бас жүлдесін «Мұхтар ата» командасы (Қазығұрт ауданы) жеңіп алса, күміс жүлде «Базарбаевтарға» бұйырды. Олар топтық кезеңде осы турнирдің 6 дүркін жеңімпазы «Көкееевтерді» ұтқан еді. Ал қола жүлдеден «Досаевтар әулеті» көрінді. Бұл құрам осы турнирді екі рет жеңген болатын. Бұлар да Қазығұрт ауданының тумалары.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерге сыйақы да қарастырылған:
Бірінші орынға – 500 мың тг;
Екінші орынға – 300 мың тг;
Үшінші орынға – 200 мың тг.

Басқа жаңалықтар

Back to top button