Хоккей
ҚХЛ: «Барыс» түзде «Витязьден» оңбай жеңілді
Елорданың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Витязь» (Подольск) командасымен өткізді.
«Барыстың» матч хаттамасында үш өзгерісті байқадық. Бұл жолы Юрий Сергиенко мен Владислав Семиннің орнына Егор Шалапов пен Максим Минеев шықты
Қақпада алғашқы минуттардан бастап Никита Бояркин тұрды. Бірінші кезеңнің алғашқы сегіз минутында «Барыс» жиі шабуылдад. Бірақ мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Ойынның 19-минутында «Витязь» хоккейшісі Скотт Уилсон есеп ашты. Бұдан кейін қазақстандық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Десе де таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Ал 43-минутта ресейлік командадан Степан Старков есепті ұлғайта түссе, одан кейін Владислав Кара 47, Жереми Руа 48, Кириил Рассказов 52-минуттарда «Витязь» командасының басымдығын арттырды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:5 есебімен жол берді.