Жастар құрамасы Беларусь елінде оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Қазақстан жастар құрамасы (U-20) 17-28 қыркүйек аралығында аға бапкер Қайрат Нұрдәулетовтің жетекшілігімен оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Команда 17 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда жиналып, 22 қыркүйекте Беларусь астанасына жол тартады. Оқу-жаттығу жиынында Ресей және Беларусь жастар құрамасына қарсы жолдастық ойындар жоспарланған.
Жаттықтырушылар штабы жиынға 2002 жылдан төмен футболшыларды шақырды. Тізімген енген ойыншылардың саны – 23.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Азат Бақытов («Ақжайық»), Никита Пивкин («Электрон», Ресей);
Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Константин Горизанов (екеуі де – «Қайсар»), Асқар Сатышев («Тараз-Қаратау»), Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко, Лев Кургин (барлығы – «Қайрат»), Владислав Кравченко («Қайрат-Жастар»), Данил Нырков («Екібастұз»), Әділхан Добай («Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Мейрамбек Қалмырза, Нұрғайни Бөрібаев (екеуі де – «Оқжетпес»), Абылайхан Назымханов, Ибрагим Дадаев (екеуі де – «Шахтер»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Ғалымжан Кенжебек («Мақтарал»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Тараз»), Максим Самородов («Ақтөбе»), Жаннұр Көкеев («Қайрат-Жастар»);
Шабуылшылар: Иван Свиридов («Шахтер»), Байжан Мәделхан («Муром», Ресей);
Бапкерлер штабы: Қайрат Нұрдәулетов — аға жаттықтырушы, Асқар Ыдырысов — аға жаттықтырушының көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев — аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков — қақпашылардың жаттықтырушысы.