Басты

Федерер карьерасын аяқтайды. Теннисші себебін түсіндірді

Әлемнің ең танымал теннисшілерінің бірі 41 жастағы Роджер Федерер спорттық карьерасын аяқтады.

Бұл жайлы швейцариялық спортшы әлеуметтік желіде жазды.

Белгілі болғандай, келесі аптада ATP турнирі аясындағы Лейвер кубогы спортшының мансабындағы соңғы ресми жарысы болмақ.

Федерер денсаулығына байланысты бұрынғыдай жоғары деңгейде өнер көрсете алмайтынын алға тартады.

Мұны швейцариялықтың бапкері Северин Люти де растап отыр.

«Ол денсаулығын дұрыс қалыпқа келтіре алмады. Федерердің жасы 41-де. Турда өнер көрсетіп жүргеніне көп уақыт болды. 1500 кездесуден артық матч өткізді. Осы себептерге байланысты ол теннистен кетіп жатыр», – деді бапкер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button