Басты

Головкин DAZN-дағы болашағына қатысты пікір білдірді

Головкин мен DAZN 2019 жылы келісімге қол қойған

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин DAZN стримингтік сервисіндегі болашағына қатысты әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

18 қыркүйекте Головкин DAZN-мен келісімшарты аясында мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші кездесуін өткізеді. Бұл оның аталған стримингтегі соңғы айқасы.

Головкин мен DAZN 2019 жылы келісімге қол қойған. Содан бері жерлесіміз бұл платформада төрт жекпе-жек өткізді. «Канеломен» трилогия бесінші айқасы.

– Иә, келісім бойынша DAZN-дағы соңғы кездесуіміз. Бұдан кейінгінің барлығы келіссөздер негізінде шешіледі», – деді Головкин Fight Hub TV-ге берген сұхбатында.

Головкин – Альварес жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button