Теннис

Рыбакина Словениядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің финалына шықты.

Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 65-орында тұрған румыниялық Ана Богданмен кездесті.

Рыбакина қарсыласын айқын басымдықпен ұтты – 6:1, 6:1.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 82-ракеткасы, чехиялық Катержина Синяковамен бас жүлдені сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button