Теннис

ITF: Жібек Құламбаева маусымда бесінші рет жеңіске жетті

22 жастағы қазақстандық Жібек Құламбаева Италиядпғы турнирде топ жарды.

ITF W25 турнирінде латвиялық Дарья Семенистамен жұп құрған теннисшіміз қарсылас шақ келтірмеді.

Жеңімпаз атағы үшін таласта Жібек пен Дарья Джинг Лю (Қытай)/Анита Вагнер (Босния және Герцеговина) дуэтін жеңді. Ойын бір сағаттан астам уақытқа созылып, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.

Қазақстандықтың ITF-те дуэттердегі 19 жеңісімен қатар жекелей сында да екі рет топ жарғанын естеріңізге сала кетейік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button