шахмат

Бибісара Асаубаева атақты ресейлік Александра Костенюкті жеңді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Ассаубаева Астанада өтіп жатқан Әйелдер гран-при-2022 турнирінің екінші айналымында атақты ресейлік Александра Костенюкті жеңді.

Әйгілі шахматшыдан басым түсуі Бибісара Асаубаеваға турнир кестесінде көшбасшылар қатарына кіруге мүмкіндік берді. Қазірше оның қоржынында 1,5 ұпай бар. Басқа үш қатысушының да ұпай саны осы шамалас.

Бибісара үшінші орында. Ол тек рейтингтік коэффициенттер бойынша Александра Горячкина (Ресей) мен Алина Кашлинскаядан (Польша) кейін тұр.

Тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік екінші айналымда әйелдер арасында 16-шы әлем чемпионы атанған қытайлық Тань Чжунъимен тең ойнады. Бір ұпай жинаған Әбдімәлік бесіншіден тоғызыншы орынға дейінгі турнир қатысушыларының тізіміне енді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button