Футзал

Дінмұхамбет Сүлейменов ұлттық құрамамен қош айтысты

Бұл ойында Сүлейменов ұлттық құрама жейдесін жүзінші рет киіп шықты.

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов үшін Әзербайжанмен жолдастық кездесу карьерасындағы соңғы ойын болды, деп жазады qazaqsporty.kz.

Ал бұл ойында Сүлейменов ұлттық құрама жейдесін жүзінші рет киіп шықты. Матч қорытындысында ардагерге Қазақстан футзал қауымдастығының атынан алғыс хат, шапан берілді. Сонымен қатар өзі өнер көрсеткен «8» және «100» (құрамада өткізген ойындар саны) сандары жазылған жейде табысталды.

Енді Дінмұхамбет Сүлейменов біржола бапкерлікке бет бұомақ. Қазір ол Ақтаудың «Каспий» клубын жаттықтырып жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button