Бокс
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіне қанша адам барғаны анықталды
Жекпе-жек 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен еді.
Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші айқасқа қанша көрермен жиналғаны белгілі болды.
Жекпе-жек 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен.
T-Mobile Arena-дағы кеште төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті – 116-112, 115-113, 115-113. Осылайша, ол WBA, WBC, WBO, IBF және The Ring белбеулерін сақтап қалды.
Boxingscene.com тілшісі Кит Идектің мәліметінше, Головкин – «Канело» айқасына 19 519 адам барған.