Ашық суда жүзуден Қазақстан командасының өкілі Мария Федотова Өзбекстандағы Азия чемпионының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 5 шақырым қашықтықта үшінші болды.
Бірінші орын жапон Юкимо Мориямаға тиесілі. Мәреге екінші болып Ин Нип (Гонконг) жетті.
Қазақстандық Диана Тасжанова мен Ирина Архипова тиісінше бесінші және жетінші орындарды иеленді.