1 қазанда Астанаға Новак Джокович келеді
«Үлкен дулыға» турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович Астанада 1-9 қазанда өтетін ATP 500 жарысына қатысады.
Сербиялық теннисші алдымен 23-25 қыркүйекеті Лондонда өтетін Лэйвер кубогында бақ сынайды. Сосын Израильда болатын АТР 250 турниріне аттанады. Содан кейін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың арнайы шақыртуымен Новак Джокович Астанаға келеді.
Сонымен қатар Astana Open додасында «Үлкен дулыға» турнирінің әр жылғы чемпиондары: Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және Энди Маррей (WC) өнер көрсетеді. Сондай-ақ тізімде Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублев (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№10 АТР), Янник Синнер (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим (№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР), Григор Димитров (№23 АТР), Гаэль Монфис (№32 АТР) және басқалар бар.
Жұптық сында да мықты ойыншылар жеткілікті. «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпаздары: Джо Солсбери (1 АТР), Раджив Рам (2 АТР), Нил Скупски (3 АТР), Весли Колхоф (4 АТР), Жан-Жюльен Ройер (5 АТР), Марсело Аревало (6 АТР), Олимпиада чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павич, колумбиялықтар Роберт Фарах – Хуан Себастьян Кабаль кортқа шықпақ.