Бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдады. Қазақстандық футболшылар үшін олар — қолайсыз қарсылас. Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген.
Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді. Осы жолы сол кеткен есе қайтты.
«Астана Аренада» өткен матчтың 29-минутында Михаил Габышев Рамазан Оразовтың әдемі пасын голға айналдырды. Дегенмен, үзіліске шығатын тұста, айып соққысынан кейін Павел Савицкий есепті теңестіріп кетті.
Абырой болғанда, матчтың 79-минутында Бақтиер Зайнутдинов гол соғып, барша қазақстандықты қуантты. Қорытынды есеп — 2:1.
Нәтижесінде алдағы маусымда В лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Қазақстандық футболшылар Беларуське қарсы жеті ойынға созылған сәтсіздіктер сериясын осылайша бұзды.
Енді Қазақстан құрамасы 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзербайжанмен кездеседі.
УЕФА Ұлттар лигасы. С дивизионы, үшінші топ:
1. Қазақстан – 13 ұпай;
2. Словакия – 6 ұпай; *
3. Әзірбайжан – 4 ұпай;; *
4. Беларусь – 2 ұпай;.