Теннис
Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 65-ракеткасы италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тай-брейкте Сонего сәтті ойнады — 7:6 (7:3). Екінші сетте италиялық спортшы айқын басымдылық көрсетті — 6:2.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Александр 7 жас жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады. Бұл Бубликтің ATP жарыстарындағы жетінші финалы еді. Ол биыл жыл басында Монпелье додасында топ жарды.