Басты
«Барыс» сырт айдында «Локомотивті» жеңді
Бұл жолы «Северстальмен» ойынға қатыса алмаған Линден Вей сапқа қосылды.
«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының аясында сырт айдында «Локомотив» командасын жеңді, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Бұл жолы «Северстальмен» ойынға қатыса алмаған Линден Вей сапқа қосылды.
Бірінші кезеңде көбіне айдын иелері белсенділік танытып, сан жағынан басым болды. Бірақ командалар үзіліске таблодағы есеп ашылмай кетті. Екінші және үшінші кезеңдерде де ойын үлгісі айтарлықтай өзгерген жоқ. «Локомотив» кездесу барысын бақылап, сәтті қорғай білді.
Сөйте тұра буллит кезеңінде қазақстандықтар мергендік таныта білді. Есеп – 0:1.
Никита Бояркин маусымда осымен екінші рет 32 соққыны тойтарып, нөлге тең түсті.