Шетел жаңалықтары

Александр Усик карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Украиналық боксшы Александр Усик карьерасын қашан аяқтауы мүмкін екендігін айтты.

Бұл туралы qazaqsporty.kz оның Dailymail.co.uk берген сұхбатына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Усик – аса ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 20 тамызда өткен айқасында британиялық Энтони Джошуаны жеңді.

«Карьераны аяқтау туралы ойға келсек, бұл туралы балаларыммен сөйлесіп көремін. Киевтегі «Олимпий» стадионында жекпе-жек өткізгім келеді.

Міне, осы кеш карьерамды аяқтайтын сәтке тұспа-тұс келуі мүмкін. Ұлым Кирилл «Абсолютті чемпион атанған соң төбелесуді қоясың ба?» деген болатын», — дейді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button