Басты
Сойлыбаев WBA атағы үшін таласта жеңіске жетті
Сойлыбаев ОАР өкілі Сифосета Мвуламен кездесті.
Қазақстандық Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО) Люблиндегі (Польша) кәсіби бокс кешінде шаршы алаңға шықты.
Сойлыбаев ОАР өкілі Сифосета Мвуламен кездесті. Бос WBA Inter-Continental чемпиондық атағы сарапқа салынған айқас 12 раундқа есептелген болатын. Алайда жекпе-жек жетінші раундта аяқталды — Сойлыбаев нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, Мвула жеңіл салмақта IBF Continental Africa белдігінің иегері.
Сонымен қатар кеште жерлестеріміз Бекзад Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) грузиялық Яго Кизирияны жеңсе, Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) аргентиналық Марсело Эстебана Косересадан басым түсті.