Теннис

Ресейлік теннисші Андрей Рублев: Қазақстан маған қатты ұнайды

Жеңіске жеткен матчтан кейін теннисші Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді.

Ресейден келген әлемнің тоғызыншы ракеткасы Андрей Рублев Астанадағы АТР 500 турнирін сәтті бастады. Жеңіске жеткен матчтан кейін теннисші Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді.

«Қазақстан маған қатты ұнайды. Рас, мен өзімді үйде жүргендей сезінемін, уақытты пайдалы өткізуге керемет жер.

Менің ойымша, Қазақстан әрқашан теннисті жақсы көретіндігімен және оны дамыту үшін көп нәрсе жасайтындығымен ерекшеленеді. АТР 500 турнирі осыны растайды. Сондықтан, бұл өте керемет деп айта аламын, мұнда теннисті қолдайды және дамытады, көп балалар ойнағысы келеді. Бұл өте керемет. Жақсы және күннен-күнге бұл спорт түрі дамиды деп үміттенемін», – деді Рублев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button