Құрлықтық хоккей лигасында елорданың «Барысы» сырт айдында Нижний Новгородтың «Торпедосымен» кездесті.
Андрей Скабелка мына ойыншыларға сенім артқан: Бояркин (Шутов) — Бекетаев-Грэм, Луис-Вей-Бракко; Биграс-Ножье, Михайлис-Сағадеев-Шестаков; Мищенко-Шалапов, Әсетов-Савицкий-Шайхмедденов; Данияр, Максимов-Гусейнов-Петухов.
Алғашқы кезеңде айдын иелері есеп ашты. Көзге түскен — Игорь Ларионов. Екінші кезеңде есеп өзгермегенімен, үшінші кезеңде Петухов таразы басын теңестірді. Сөйте тұра қарсыластар жеңісті жұлып алды — 3:1.
8 қазанда «Барыс» қонақта Қазанның «Ак Барс» клубымен ойнайды.
«Торпедо» (Нижний Новгород, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)
Шайбалар:
1:0 — 11:42 Ларионов (Конюшков, Ян)
1:1 — 45:20 Петухов (Мищенко)
2:1 — 57:19 Коваленко (Федотов)
3:1 — 58:12 Ян (Хуска)
Қақпашылар: Хуска — Бояркин