Теннис
Тимофей Скатов Италияда жартылай финалға шықты
Қазақстандық, әлемнің 209-ракеткасы Тимофей Скатов Парма 2 (Италия) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті.

Тимофей Скатов ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 281-орында тұрған мажарстандық Мате Валкушпен күш сынасты.
Бірінші партияда мажарстандық теннисші 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Ол екінші сетте де 4:0 есебімен алға кетті. Дегенмен, бұдан кейін Тимофей шеберлігін таныта білді – 7:5. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық спортшы 4:0 есебімен алға шыққан кезде қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.
Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 184-сатыдағы италиялық Джанлука Магермен таласады.