Таеквондо

Манчестер Гран-приіне елімізден екі таеквондошы барады

21-23 қазан аралығында өтетін халықаралық турнирде Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетеді.

Манчестерде (Ұлыбритания) таеквондодан Гран-при сериясының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды қазақстандық федерацияның баспасөз қызметі.

21-23 қазан аралығында өтетін халықаралық турнирде Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетеді. Олар: Жансель Дениз (67 кг) бен Руслан Жапаров (+80 кг).

Айта кетейік, бұл кезеңде медаль мен рейтингілік ұпайларды сегіз олимпиадалық салмақта әлемнің 61 елінен 256 таеквондошы сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button