Шетел жаңалықтары
Бах Ресей және Беларусь спортшыларына қатысты пікір білдірді
Ол спортшылар саясаттың құрбаны болмауы керек екенін, бірақ комитеттің басқа амалы жоқ екенін айтты.
Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах халықаралық федерациялардың Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстарға қатыстырмау туралы ұсыныстары әлі де өзекті екенін айтты.
«Біз ресейлік және белору спортшыларын қандай да бір халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат бермеуді ұсынамыз», – дейді Бах.
Ол спортшылар саясаттың құрбаны болмауы керек екенін, бірақ комитеттің басқа амалы жоқ екенін айтты. Шаралар барлық ресейлік спортшылар мен спорт шенеуніктеріне Украинадағы жағдайға қарамастан әсер етеді.
28 ақпанда Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) халықаралық спорт федерацияларына Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік спортшыларды жарыстарға жібермеу туралы кеңес берген.