Басқа спорт түрлері
Алдағы күндері өтетін спорттық іс-шаралар тізімі
Назарларыңызға жуық арада өтетін жарыстар тізімін ұсынамыз.

2 желтоқсанда «Барыс» хоккей клубы өз алаңында екатеринбургтік «Автомобилист» командасымен кездеседі. Елордалық клуб 4 желтоқсанда «Салават Юлаев» және 6 желтоқсанда «Ақ Барыс» ұжымдарына қарсы ойнайды.
2-4 желтоқсанда Орал қаласында таеквон-до GTF бойынша ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Кубогының чемпионаты өтеді.
3-4 желтоқсанда алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында «Ақтөбе» командасына қарсы ойнайды.
9-11 желтоқсанда Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының кезеңі өтеді.