Бокс
Елімізде тағы бір әлем чемпионы шығуы мүмкін
Бұған дейін ол 11 желтоқсанда Алматыда венесуэлалық Энрике Луисрен жекпе-жек өткізетіні хабарланған.
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) IBO чемпиондық атағы үшін айқасқа шығуы мүмкін.
Бұған дейін ол 11 желтоқсанда Алматыда венесуэлалық Энрике Луисрен жекпе-жек өткізетіні хабарланған. Боксшылар IBO Intercontinental белбеуін сарапқа салады.
Дереккөздің хабарлауынша, егер бәрі сәтті өтсе, Жанқош наурыз айында мексикалық Алехандро Менесесамен кездесуі мүмкін.
Айта кетейік, Тұраров өзінің жекпе-жегін DAZN көрсететінін хабарлаған.
Соңғы рет Тұраров өткен жылдың желтоқсан айында Астанада рингке шығып, 45 секундта мысырлық Абдумонем Саидті жеңді.