Рыбакина Алматыға не үшін келгенін айтты
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Алматы қаласына келіп, жас теннисшілермен кездесті.
Спортшы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Уимблдондағы табысы, сондай-ақ жаңа маусымдағы ой-жоспарын бөлісті, деп хабарлайды ktf.kz.
— Уимблдондағы жеңіс – бұл менің орындалған арманым. Жыл басында өткен турнирлер оңайға соққан жоқ. Дегенмен жыл сәтті өтті. Ұпайлардың есепке алынбағаны өкінішті. Турнирдің ұпайларын есептемегені өкінішті, өйткені мен үздік 10-ға кіре алатын едім. Менің ендігі жоспарым үш «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жету. Сол мақсатарыма жету үшін барымды саламын.
— Жұптық сайыстарда өнер көрсетуге қалай қарайсың?
— Жұптық сайыс – бұл қосымша жүктеме. Мен жұп сайыстарда ойнағанды ұнатамын. Алайда мен жекелей жарыстарда өнер көрсетемін.
— Алматыда уақытыңызды қалай өткізесіз?
— Бір күнге келдім. Менің жұмыс кестем өте тығыз. Маған бұл жер өте ұнайды. Өте әдемі және жайлы. Алматыға жиі келгім келеді.
— Уимблдонда алған жүлденің бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсадыңыз ба?
— Жобалар өте көп. Біз жас теннисшілерге көмектесуді жоспарлап отырмыз.
— Маусымалды дайындық қалай өтіп жатыр?
— Маусым алдындағы соңғы дайындыққа көңілім толады. Енді кемшіліктерді түзетуге кірісеміз. Бізде дайындалуға көп уақыт бар.
— БАӘ-де өтетін турнир жайлы айтсаңыз?
— Бұл қызықты жарыс. Ол әдеттегі форматпен өтпейді. Жақында мені Соболенко, Гарсияға қарсы ойнайтыным, сонымен қатар Зверевпен жұптық сайыста өнер көрсететінім белгілі болды. Дайындық ретінде бұл қызықты жарыс болады деп ойлаймын.
– Көктемде Қазақстан құрамасы Польшамен ойнайды. Қарсыласыңызға қандай баға берер едіңіз?
— Польша өте қиын қарсылас. Бұл командалық жарыс. Рейтинг аса маңызды емес. Әркім өзінің ең жақсы ойынын көрсете алады. Барымызды салу керекпіз. Біз өз алаңымызда ойнайтынымыз қуантады.
— Ең ыңғайсыз қарсыластарды атаңыз?
— Ондай бірнеше ойыншы бар. Мысалы, Онс Жабер мен Касаткина.
– Әлем чемпионатын көріп жүрсіз бе? Кімге жанкүйерлік етесіз.
— Менің футбол көруге уақытым жоқ. Жаттығу кезінде Хорватия матчының үзіндісін көрдім. Кім жеңетінін білмеймін. Бірнеше нұсқаны атсаңыз, мен солардың ішінен таңдаймын?
— Криштиану Роналду ма, әлде Лионель Месси ме? Португалия немесе Аргентина?
— Ммм. Месси. Аргентина.
Айта кетейік, Елена Рыбакина желтоқсан айының ортасында Әбу-Дабиде өтетін көрме-жарысқа қатысатынын, сосын Дубайда жаңа маусымға дайындалатынын жеткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының жаңа жылдағы алғашқы жарысы Аустралияның ашық чемпионаты болмақ.