Басқа спорт түрлері

Спорт медицинасында еңбек етіп жүрген мамандар Беларусь еліне аттанды

Қазақстанда «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» атты республика мекеме бар. Елдегі спортшылардың денсаулығына жауапты осы орталықтың мамандары жақында біліктіліктерін арттыру үшін Беларусь еліне аттанды.

Олардың қатарында 10 адам бар.

1) Құрбанбай Әбдіразақов — спорттық медицина бөлімінің дәрігері
2) Әсия Жиенғазина — спорттық медицина бөлімінің дәрігері;
3) Олег Зарецкий — спорттық медицина бөлімінің дәрігері;
4) Дәулет Мыңбаев — спорттық медицина бөлімінің дәрігері;
5) Берік Рахатов — спорттық медицина бөлімінің дәрігері;
6) Амангүл Сарыбаева — спорттық медицина бөлімінің дәрігері;
7) Елена Рыженкова — медико-биологиялық камтамассыз ету бөлімініңдәрігері;
8) Гүлжан Сейдахметова — спорттық медицина бөлімінің меңгерушісі
9) Гульмира Тұрганбаева -биохимиялық зертхана бөлімінің меңгерушісі
10) Сардор Хакимов — профиль бойынша мамандырылған бөлімінің меңгерушісі.

«Беларусь елінде спорттық медицина жақсы дамыған. Сондықтан біз өз мамандарымызды жіберіп, тәжірибе алмасқанды жөн көрдік. Қазір өздеріңіз білесіздер, спорттық медицина, тамақтануға әлемде ерекше назар аударылады. Спорттық көрсеткіштердің жоғары болуына медицина қатты әсер етеді. Одан кейін Оңүтсік Корея мен Литва елдерімен әріптестік байланыс орнатқанбыз. Ол жақтарға өз мамандарымызды жібереміз. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Спорт комитетінің басшысы Самат Ерғалиев елдегі спорт медицинасының дамуына мүдделі. Сондықтан бар күшімізді салып жатырмыз», — дейді «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» директоры Азамат Нұрматов.

Сонымен қатар Қазақстанда шетелдік мамандардың қатысуымен халықаралық семинар өткізуді жоспарлап отыр екен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button