Шетел жаңалықтары
Германия шабуылшысы карьерасын аяқтауы мүмкін
Томас Мюллер жанкүйерлеріне алғыс айтты.
Германия құрамасының 33 жастағы шабуылшысы Томас Мюллер Катардағы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен соң ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы сөз қозғады.
«Мен үшін бұл дағдарыс. Егер бұл менің соңғы ойыным болса, мен неміс жанкүйерлеріне алғыс айтқым келеді. Барымды салдым. Біз бірге керемет сәттерді бастан өткердік», — дейді ол Sportschau.de-ге берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Германия Коста-Риканы жеңгенімен, (4:2) топтан шыға алған жоқ.