Басты

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы қайтыс болды. Бақұл бол, Әлжан аға!

Ол 78 жасында дүние салды. 

Қазақтан шыққан атақты баскетболшы Әлжан Жармұхамедов өмірден өтті. Ол 78 жасында дүние салды.

Әлжан Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). 1972 жылғы Олимпиада чемпионы. 1979 жылы «КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды.

Әлжан Жармұхамедов 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданына қарасты Табақсай ауылында дүниеге келген. Бұл аудан сол кездегі саясаттың кесірінен Өзбекстанға берілген. Сондықтан көпке дейін оның қазақ екеніне күмән тудырғандар болды. Дегенмен спортшының өзі қазақ екенін қашан да мақтанышпен айтатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button