Шетел жаңалықтары

Футболдан Оңтүстік Кореяның бас бапкері қызметінен кетті

Паулу Бенто Оңтүстік Корея құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.

Ол мұны 1/8 финалда Корея Катардағы әлем чемпионатынан шығып қалған соң жасады, бірақ шешім әлдеқайда ертерек қабылданғанын мәлімдеді.

«Болашақ туралы ойлану керек және ол Корея құрамасының ойыншыларымен байланысты емес. Мен бұл туралы ойыншыларға және федерация президентіне айттым. Бұл шешім қыркүйек айында қабылданды. Ойыншыларға алғыс айтамын. Олар барлық күшін салды. Мен олардың жаттықтырушысы болғаныма қуаныштымын және мақтанамын», — дейді Бенто Sky Sports-ке берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы әлем кубогының 1/8 финалында Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан 1:4 есебімен ұтылды.

Бенто команданы төрт жыл басқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button