Шетел жаңалықтары
ӘЧ: португалиялық шабуылшы соңғы 60 жылдағы ең жас хет-трик авторы атанды
«Лусаил» стадионында өткен кездесу 6:1 есебімен аяқталды.
Португалия құрамасы Катарда өтіп жатқан Әлем кубогының 1/8 кезеңінде Швейцарияны жеңді.
«Лусаил» стадионында өткен кездесу 6:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамында үш допты шабуылшы Гонсалу Рамуш өз еншісіне жазды.
Opta Sports хабарлағандай, Рамуш (21 және 169 күн) 1962 жылдан бастап әлем чемпионатындағы хет-триктің ең жас авторы болды. 60 жыл бойы бұзылмай келген рекорд иесі Венгр Флориан Альберт болатын.