Шетел жаңалықтары
WBA Ресей мен Беларусь боксшыларына қатысты оң шешім қабылдады
Алайда осы мәселеге қатысты пікір білдіретін кез келген боксшы рейтингтен бірден шығарылады деп шешілді
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өз сайтында Ресей мен Беларусь спортшыларының рейтинг тізіміне оралғанын жариялады.
Бұл елдердің боксшылары әскери қызметшілер немесе үкімет мүшелері емес, сондықтан олардың Украинадағы жағдайға немесе кез келген қақтығысқа ешқандай қатысы жоқ екендігі атап өтілді.
Алайда осы мәселеге қатысты пікір білдіретін кез келген боксшы рейтингтен бірден шығарылады деп шешілді.
Осындай шешім Орландодағы (Флорида, АҚШ) WBA конвенциясы кезінде қабылданды.
Ресей мен Беларусь боксшыларын WBA рейтингінен алып тастау туралы шешім наурызда қабылданған.