Шетел жаңалықтары

Джошуа Уайлдермен өтетін жекпе-жек туралы айтты

Боксшы жекпе-жектің 2023 жылы өтетініне сенімді

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы британиялық Энтони Джошуа WBC белбеуінің иегері Деонтей Уайлдермен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге келіссөздер туралы ақпарат жоқ, бірақ боксшы жекпе-жектің 2023 жылы өтетініне сенімді.

«Бұл жекпе-жек сөзсіз өтеді. Уайлдер екеуміз бір салмақ дәрежесінде, бір дәуірде өнер көрсетеміз, демек жекпе-жек болуы керек. 2023 жыл жақындап қалды. Бұл бокс үшін үлкен жыл болады және біздің жекпе — жегіміз сөзсіз болады», — дейді боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Джошуа тамыз айында өткен соңғы жекпе-жегінде украиналық Александр Усиктен жеңіліп қалды. Ал Уайлдер қазан айында бірінші раундта фин Роберт Хелениусты нокаутқа жіберді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button