Top Rank промоутерлік компаниясы жылдың үздігі атағына үміткер нокауттарды ұсынды. Олардың қатарында Жәнібек Әлімханұлының нокауты да бар.
Осы жылдың мамыр айында қазақстандық боксшы екінші раундта британиялық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсіріп, Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақтағы нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атанды.