Теннис

Елена Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің топтық кезеңінде әлемнің бесінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты.

«Қаршығалар» тобында өнер көрсететін Е.Рыбакина «Сұңқарлар» сапында шыққан қарсыласын 0:6, 6:1, 10:6 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. А.Соболенко 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Енді Е.Рыбакина германиялық Александр Зверевпен бірге 22 желтоқсанда аралас сында канадалықтар Феликс Оже-Альяссим – Эжени Бушармен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button