Теннис

Рыбакина Үлкен дулығаның екі дүркін чемпионын жеңді

Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League (WTL) турнирінде өнер көрсетіп жатыр

Уимблдон-2022 чемпионы қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League (WTL) турнирінде өнер көрсетіп жатыр.

Француз теннисшісі Каролин Гарсиямен (әлемнің төртінші ракеткасы және 2016 және 2022 жылдардағы Франция ашық чемпионатының жұптық сындағы чемпионы) өткен матчта Рыбакина екі сетте 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат бір минутқа созылды.

Айта кетейік, Қазақстан көрме турнирінде Hawks («сұңқарлар») командасында өнер көрсетеді, оның серіктестері Александр Зверев пен Доминик Тим.

Басқа жаңалықтар

Back to top button