Елена Рыбакина жылды 21-орынмен аяқтады
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жылдың қорытынды рейтингісін жария етті.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылды 21-орынмен бастайды.
Юлия Путинцева рейтингіде 54-тен 51-ке көтерілді. Жұптық сында Анна Данилина 11-орнын сақтап қалды.
WTA-ның 26 желтоқсандағы рейтингісі:
21 (0). Елена Рыбакина.
51 (+3). Юлия Путинцева.
441 (0). Жібек Құламбаева.
588. (0). Гөзал Айнитдинова.
1031 (+2). Зарина Дияс.
1188 (+6). Аружан Сағындықова.
Ерлер арасында Қазақстанның үздік ракеткасы жылды 37-орынмен аяқтайды. Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин және Бейбіт Жукаев өз көрсеткіштерін жақсартты.
ATP-ның 26 желтоқсандағы рейтингісі:
37 (0). Александр Бублик.
142 (+3). Тимофей Скатов.
188 (+1). Михаил Кукушкин.
292 (-8). Денис Евсеев.
308 (+2). Бейбіт Жукаев.
330 (-6). Дмитрий Попко.
Жұптық сында Андрей Голубеев 47-інші, Александр Недовесов 50-орында тұр. А.Голубев пен А.Недовесов Аустралия ашық чемпионатын қосқанда, алдағы қаңтардағы жарыстарда бірге өнер көрсетеді. Григорий Ломакин Мысырда ITF M15 турнирінде чемпион атануы нәтижесінде жұптық сында рейтингіде 205-сатыға жайғасты.