БастыБокс

Мырзағали Айтжанов қайтадан бокс құрамасының бас бапкері болды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты. Бір кездері ұлттық құраманы 9 жыл баптаған Мырзағали Айтжанов қайта оралды.

Әзірге Қазақстан бокс федерациясы ресми хабарлаған жоқ. Тек жаңа жылдан кейін бұйрық шығып, көпшілікке таныстырылады екен. Дегенмен, әлеуметтік желіде Айтжановтың қолы қойылған оқу-жаттығу жиынына қатысатын боксшылардың тізімі жүр.

Осыған дейін ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов жаттықтырған. Ол былтыр Токио Олимпиадасынан кейін тізгінді ұстады. Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 2 алтын жеңіп алды. Биыл ұлттық құрама Аммандағы Азия чемпионатына қатысты.

Ал Мырзағали Құланұлы Айтжанов 1970 жылы 13 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қарабастау ауылында дүниеге келген. Жастар арасында Кеңес Одағы кубогының күміс жүлдегері, КСРО және Еуропа чемпионы.

Айтжановтың тұсындағы құраманың жетістігі:

Олимпиада ойындары – 2 алтын, 3 күміс, 2 қола;

Әлем чемпионаты – 5 алтын, 8 күміс, 7 қола;

Азия ойындары – 8 алтын, 6 күміс, 4 қола;

Азия чемпионаты – 15 алтын, 7 күміс, 6 қола.

Әлемнің екі мәрте үздік бапкері атанған

Басқа жаңалықтар

Back to top button