Басты

Қазақстандық балуан қыз Азияда үздік атанды

Азия біріккен күрес әлемі (UWW Asia) 2022 жылы құрлықтың ең үздік балуандарын жариялады.

«Әйелдер күресі» номинациясы бойынша Қазақстан құрамасының өкілі Жәмила Бақбергенова үздік спортшы атанды.

26 жастағы Жәмила Бақбергенова – Азия чемпионы және 2021 және 2022 жылдардағы әлем біріншіліктерінің екі дүркін күміс жүлдегері. Осы аптаның басында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі оны ағымдағы жылдың үздік спортшысы деп жариялады.

Жәмила Бақбергеновадан басқа UWW Asia қырғызстандық Ақжол Махмудовты грек-рим стиліндегі балуандар арасында үздік деп атады. Ал еркін күресте бұл атақ жапониялық Таиси Нарикуниге бұйырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button