Шетел жаңалықтары
«Ювентус» және «Челси» клубтарының жұлдызы болған ойыншы көз жұмды
Италиялық футболшының өліміне ұйқы безінің қатерлі ісігі себеп болды.
Италия құрамасының, сондай-ақ «Ювентус», «Челси» және «Сампдория» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Джанлука Виалли бүгін, 6 қаңтарда, 58 жасында қайтыс болды.
Италиялық футболшының өліміне ұйқы безінің қатерлі ісігі себеп болды. Виалли ұзақ уақыт бойы онкологиялық аурумен күрескен. Оның жағдайы Рождество алдында нашарлап, қайтыс болғанға дейінгі соңғы күндерін клиникада өткізді.
Виаллидің есебінде Италия құрамасында 59 матч бар, онда ол 16 гол соқты. Клуб деңгейінде Виалли «Челси» құрамында Англия Кубогы мен УЕФА кубоктарының иегерлерінің кубогын жеңіп алды. «Ювентус» сапында ол Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.
Ол сондай-ақ «Челсидің» жаттықтырушысы болды.