Хоккей
Хоккей: Универсиаданың жартылай финалында Қазақстан мен Канада кездеседі
2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда Канадамен кездеседі.

Топтық кезеңде біздің студенттер құрамасы Оңтүстік Кореяны – 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есебімен есе жіберді.
Осылайша өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алды. Бірінші орын дәл сондай ұпай жинаған АҚШ құрамасына бұйырды.
Жартылай финал 21 қаңтарда өткізіледі. Финал мен 3-орын үшін сайыс 22 қаңтарға белгіленген.