Шетел жаңалықтары

2022 жылғы Азияның үздік футболшысы анықталды

Дауыс беруге азиялық футбол журналистері мен сарапшылары қатысқан.

«Тоттенхэмнің» шабуылшысы Сон Хын Мин Азиядағы 2022 жылдың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Оңтүстік Корея құрамасының 30 жастағы ойыншысы бұл атаққа алтыншы жыл қатарынан ие болды. Дауыс беруге азиялық футбол журналистері мен сарапшылары қатысқан.

Сон Хын Мин сауалнамада 256 ұпай жинап, өзгелерден оқ бойы озып кеткен. Екінші-үшінші орындарды Мехди Тареми («Порту», Иран құрамасы) және Салем әл-Досари («Әл-Хиляль», Сауд Арабиясы құрамасы) бөлісті: екеуі де 120 ұпай жинады.

Ағымдағы маусымда Сон Хын Мин 28 матч өткізді, онда ол сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button