Астанада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
14-17 ақпан күндері Астанада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.
Жарыста 2006-2007 жылдары туған жасөспірім дзюдошылар өзара бақ сынайды.
Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі келесідей:
14 ақпан
Жарыстың басталуы – 9:00
Ұлдар: -50 кг, -55 кг;
Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг;
Жарыстың ашылу салтанаты: 16:30
15 ақпан
Жарыстың басталуы – 9:00
Ұлдар: -60 кг,-66 кг, -73 кг;
Қыздар: -52 кг,-57 кг, -63 кг;
16 ақпан
Жарыстың басталуы – 9:00
Ұлдар: -81 кг,-90 кг,+90 кг;
Қыздар: -70 кг, +70 кг;
Финал – 17:00
17 ақпан
Қазақстан Республикасының аралас-командалық чемпионаты
Жарыстың басталуы – 9:00
Айта кетерлігі, аталған ел чемпионатының нәтижесінде 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.