Шетел жаңалықтары
«Барселона» Ла лигадан шығарыла ма?
«Барселонаның» төрешілерді сатып алғаны жайлы дерек расталса, клубты қандай жаза күтіп тұрғаны анықталды.
Егер клубтың кінәсі толық дәлелденсе, онда команда ұпайынан айырылып, Ла Лигадан шығарылуы мүмкін.
«Барселона» Испания корольдік футбол федерациясының (RFEF) техникалық Төрешілер комитетінің бұрынғы вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейраға ақша төлегені жайлы ақпарат тараған болатын.
Прокурорлар тергеу жүргізіп, 2016-2018 жылдар аралығында Каталония клубы судьялар комитетінің бұрынғы басшысына тиесілі DASNIL 95 компаниясына 1,4 миллион еуро төлегенін анықтады.
Естеріңізге сала кетейік, қаржылық алаяқтыққа байланысты италиялық «Ювентус» 15 ұпайын жоғалтса, «Барселонаны» да осыған ұқсас жаза күтіп тұр.
Қазіргі уақытта 21 матчта 56 ұпай жинаған Хави шәкірттері Ла лиганың турнирлік кестесінде сенімді түрде көш бастап тұр.