Бокс

Бокстан әлем чемпионатына жеті ел бойкот жариялады

Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері әлем чемпионатына бойкот жариялады

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығына (AIBA) 7 елдің бокс федерациясы биылғы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қарсы бойкот жариялағаны туралы хабарлама түскен.

«Жеті мемлекеттің бокс федерациясы Ресей мен Беларусь боксшыларының әлем чемпионатында өз туын көтеріп, шаршы алаңға шығуына рұқсат берілгеніне байланысты бойкот жариялады», – делінген хабарламада.

Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері әлем чемпионатына бойкот жариялады. Содан кейін Чехия, Англия, Канада, Ұлыбритания мен Ирландия бокс федерациялары да америкалық әріптестерін қолдады. Одан кейін қатарға Швеция қосылды.

Еске сала кетсек, бокстан әйелдер арасындағы биылғы әлем чемпионаты Үндістанда 15-31 наурыз аралығында, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button