Басты
Қазақстандық спортшы ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы атанды
Оған 62 елден 600-ден астам спортшы қатысуда.
Сербияда жастар арасында ММА-ден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған 62 елден 600-ден астам спортшы қатысуда.
Жарыста 20 жасқа дейінгі (U-20) санатта Матильда Бачурина топ жарды.
Жеке жаттықтырушысы Баян Жанғаловтың айтуынша, Матильда Бачурина өз жолында тағы бір қазақстандық спортшыны, сондай-ақ Украина мен Германияның өкілдерін жеңген.