Теннис

Елена Рыбакина Дубайдағы жарыстың жұптық бәсекесін сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Дубай WTA 1000 турнирін сәтті бастады.

Отандасымыз ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген бельгиялық Кирстен Флипкенс — германиялық Лаура Зигемундпен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина жекелей сында бастапқы кездесуін  канадалық Бьянка Андреескумен өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button