Рыбакина мен Путинцева Дубай турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті.
Жарыстың 9-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған канадалық, 2019 жылғы АҚШ чемпионы Бьянка Андреескумен шеберлік байқасып, 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы чехиялық Мария Боузковамен кездеседі.
Қазақстанның екінші, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 1000 турнирінің бастапқы кездесуін әлемнің 28-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен өткізді. Бірінші партияда брейк жасаған Путинцева сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Есесіне екінші сетте бірде-бір гейм алған жоқ – 0:6. Дегенмен шешуші, үшінші партияда сәтті ойнай білді – 6:2.
Юлия екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасады.