Таеквондо

Таеквондошылар Бельгиядағы халықаралық турнирге қатысады

Таеквондодан Қазақстан құрамасы 17-19 наурыз аралығында Бельгияның Ломмел қаласына өтетін Belgian Open G2 халықаралық турниріне қатысады.

Бас бапкер Батырбек Есдәулетов бұл бәсекеде 21 спортшыға сенім артып отыр, деп хабарлайды kazsports.kz.

Ерлер – Әділет Базарбаев, Нұрбек Ғазез, Жавохирхон Исламов, Мақсат Орынбасар, Елдос Ысқақ, Абдурахмон Марипов, Бекжан Нүснәлім, Рахым Әділханов, Руслан Жапаров, Самирхон Абабакиров, Эльдар Бірімбай, Смайыл Дүйсебай, Әлібек Ермекбай.

Әйелдер – Рита Бакишева, Ботакөз Қапанова, Азиза Қаражанова, Камила Аймұқашева, Мария Севостьянова, Нұрай Хусайнова, Айдана Құмартаева, Назым Махмұтова.

Айта кетейік, Ұлттық құрамаға жуырда жаңа спорт формасы табысталды. Осы жарыстан кейін 20 наурыздан бастап ерлер құрамасы париж қаласында Франция құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал әйелдер құрамасының 8 өкілі 20-27 наурыз аралығында Нюрнберг қаласына Германия құрамасымен бірге шеберлігін шыңдайды.

Бұл жиыннан кейін Қазақстан құрамасы 1-4 сәуір аралығында Австрияның Инсбург қаласы қабылдайтын халықаралық турнирде бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button