Басты

Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінде тұңғыш рет топ жарды.

Бұған дейін ол тек ширек финалмен шектелген. Финалда ол белорус Арина Соболенкодан басым түсті.

Теннисшіміздің тарихи жеңісін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назардан тыс қалдырған жоқ. Мемлекет басшысы жылы лебізін әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button