Басты

Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.

23 жастағы қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасты. Бірінші партияда ресейлік спортшы брейкпен алға кетті. Дегенмен Рыбакина таразы басын теңестіріп, сетті тағы бір брейкпен бітірді – 7:5.

Екінші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты – 3:1. Алайда Калинская есеп 2:4 болған мезетте қатарынан төрт геймді алды – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда Рыбакина брейк жасап, есепті 4:2-ге жеткізді. Калинская да қалыспағанымен, Елена қайыра брейк жасады – 5:3. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Енді отандасымыз үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button